Оралда әнші Артур Давлетьяровтың қызы Сумайяның тұсаукесер тойы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram-парақшасында жазған.
"Оралдамыз! Бұрынғы "Раим- Артур" дуэтіндегі Артурдың тұңғышы Сумайяның тұсаукесер тойында! Құтты болсын! Әр жердің салты әртүрлі, біз жақта тұсауды артынан кеседі, Оралда алдынан кескізді", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары қадам басқан Сумайяны құттықтап, тілек жазған. Сондай-ақ, олар өнер иесінің қойған сұрағына жауап берген.
"Қадамы құтты болсын", "Жолы ашық болсын", "Тұсауды алдынан жолы ашық болсын деп және баланың жүзі жарық болсын деп пышақтың жүзін жоғары қаратып кеседі", "Қазақтың бұрыннан келе жатқан ырымы ғой. Тұсауды кескенде алдынан, пышақтың жүзін өрге қаратып кеседі", "Алды ашық, болашағы жарқын болсын деп алдынан кеседі. Дұрысы сол. Зейнеп Ахметова апамыз мұны қанша рет жазды", "Жақында осы тұсаудың алдынан немесе артынан кесу туралы оқып қалдым. Егер қария тұсау кессе, артымда ұрпақ жалғастыру үшін жас қалсын деп артынан кеседі екен, ал егер жас біреу кессе, алдымда жүрсін деп алдынан кестіреді екен", - деп пікір қалдырған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!