- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Ақботанұр экс-күйеуі...
Әнші Ақботанұр экс-күйеуі Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы қандай екенін айтты
Актриса, әнші Ақботанұр Абайқызы экс-күйеуі Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Instagram-парақшасында сұрақ-жауап айдарын жүргізген. Оқырмандарының бірі Ақботанұрдың бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен ара-қатынасы қандай екенін сұраған.
"Қалай болуы керек? Әрине, жақсы. Бізде сәтсіз болғаны - ол арадағы неке ғана. Ал тұлға ретінде бір-бірімізге сәлеміміз, құрметіміз орнында! Балаларымның әкесі, әр басқан қадамына сәттілік тілеймін!", - деп жауап берді актриса.
Айта кетейік, Ақботанұр Абайқызы мен Дәурен Айдарқұлов 2016 жылы "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінде танысып, бас қосқан болатын. Алайда 2020 жылы Дәурен мен Ақботанұр ажырасатындарын мәлімдеген еді. Бүгінде Ақботанұр мен Дәуреннің Ибраһим есімді ұлдары және Аиша есімді қыздары бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина