Танымал әнші Абай Бегей 100 миллион теңгеге салған зәулім үйін көрсетіп, танымал көршілері кім екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Үйдің құрылысы карантин кезінде, мамырда басталды. Менің туған күнімде, 31 мамырда көшіп келдік. Құрылыс 2020 жылы басталып, 2 жыл уақыт кетті. Алматыда Жандосов-Розыбакиев көшелерінің бойындағы 4 бөлмелі пәтерді 5 жыл жалдап тұрдық. Ақтаудан көшіп келу керек еді. Қаладан үй алуға мүмкіндік болмады, сондықтан құрылыс бастадық", - дейді өнер иесі.
Әншінің айтуынша, ол бұл үйді бастағанда қолында 10 миллион теңге болған. Фундамент құып болған соң, ақша кірпішке жетпеген. Кейін ол Ақтаудағы үйі мен екі көлігін сатқан.
"Жөртелісін қосқанда үш қабатты үй. Қатты үлкен үй емес. Үйдің құрылысы басталып кеткенде, негізі мұнан кіші қылып салу керек еді деп ойладым. Бұдан үлкен етіп салсаң, шығын да көп. Екі жүз квадрат жетеді екен", - деді Абай Бегей.
Абай Бегейдің айтуынша, ең қиыны үйдің ішін аяқтау болған. Әнші танымал көршілері барын айтты. Олар - актер Жахан Отарғалиев, "Өнер қырандарындағы" Жанболат Найзабеков, әнші Ырысбек Аташ.
"Үйдің сыртына қарағанда ішіне көп уақыт та, қаражат та керек. Жалпы алғанда 100 миллион теңдеген асады. Тек тойға шығып үй салу қиын. Жиған-тергеніммен салдым", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!