Сыртқы істер министрлігі өкілдері әнші Дархан Жүнісбековтің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Таиланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бүгін танымал музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!