- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Ayree зорлық-зомбылыққа...
Әнші Ayree зорлық-зомбылыққа қарсы ән жаздырды
Ayree лақап атымен танылған әнші Айгерім Рақыш 91 тобының солисі Дулат Мухаметкалиевпен бірге "Qyzyl" әнін жарыққа шығарды. Бұл туралы әнші Жұлдыз ФМ-ге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, "Qyzyl" әні елдегі зорлық-зомбылыққа қарсы жазылған екен.
"Қызыл әнінің тарихы өте тереңде. Негізі 91 тобының солисі Дулатпен бұрыннан жақсы араласамыз. Мен өзім соңғы екі жылда рэпермен "feat" жасағым келіп жүрді бірақ та ешқандай ұсыныс болған жоқ. Осы жылы Дулат екеуміз бір концертте кездесіп, неге жазбасқа деп бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Негізі бұл рэп басқаша тақырыпта, басқалай шығуы керек болған. Алайда елімізде болып жатқан жағдайға байланысты, үш күннің ішінде, осындай керемет трендті әнді ұсындық. Бұл ән зорлық-зомбылыққа қарсы ән. Әртістердің атынан көмегіміз өнермен, ән арқылы жеткізу. Басқа өнерпаздардың да, дәл осы тақырыпқа байланысты ән арнап жатыр. Бірақ лирика. Жастар бұл жанрдағы әуендерді тыңдамайды. Сондықтан Дулаттың өзі жастар талабына сай жасайық деді. Менің ойымша, мәтінде барлығы керемет, артық сөздер жоқ", - дейді әнші.
Сондай-ақ өнерпаз, елдегі оқиға байланысты басқа туындыларды кейінге қалдырғанын айтты.
"Негізі басқа ән болуы керек еді. Бұйырса, жаңа әндер шығады. Барлығымыз депрессияда болдық. Мемлекетте осындай жағдай болып жатыр. Бірі зорлық-зомбылық, екінші су тасқыны не істейміз енді. Бірақ осы ән шын жүректен шықты. "QYZYL" әнінде ZAQ қазақ қыздарының ағасы ретінде, қарындастарына жан-жақтарына көзді ашып қарау керектігін айтады. Абьюзер жігіттер өздері оны білмейді. Менің ойымша, оның түп-тамыры бала кезден. Ата-анасынан қолдау көрмеген, бәрібір отбасынан басталады", - дейді Ayree.
Жаңа feat Дулат Мухаметкалиевтің YOUTUBE арнасында бір апта бұрын жарыққа шықты. Хостингте 12 мың қаралым жинаса да, әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен тараған бұл әнді тыңдармандар атышулы оқиға Бишімбаевтың ісімен байланыстырып, марқұм Салтанат Нүкенованы еске алды. Оsyacount TikTok қолданушысы өзінің парақшасына осы әнмен мынадай видео жариялады.
@osyacount енді кішкене - сен мәңгілікке үндемейсің💔 @ZAQ #recommendations#recommendationsforyou#recommendationsplease#abosya#уляляося#saqimarryme#ninetyone#ninetyonetour2022#gaptour2023#засалтанат#zaq#ayree#aboomarryme#qozzymarryme ♬ оригинальный звук - 🫧ᴏsʏᴀ🫧
Әлеуметтік желі қолданушылары осыған байланысты, түрлі пікір қалдырды.
"Осы ән жүрекке жетті", "Салтанаттың көзіне қарамаңдар ол қабірде қиналады", "Салтаның күлімдегенің көрсем жылағым келеді", "Осы іске арнап жазылған ән екені көрініп тұр", "Тыныштық беріңдер", - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші AYREE эксклюзив сұхбат берген еді. Өнерпаздың ұлының жағдайы, шығармашылығы туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы