- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әңгімелері мүлдем қызық...
“Әңгімелері мүлдем қызық емес“. Жанқош Тұраров тағы мәлімдеме жасады
"Қыз зорлады" деген айып тағылған Жанқош Тұраров тағы да мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті", - деді ол әлеуметтік желіде.
Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Артында Алматы Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Артынша, Жанқош Тұраровтың өзі де "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді.
"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын.
Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - деді Тұраров.
Жанқош Жасұланұлы Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында туған. Кәсіпқой боксшы. 2023 жылы наурызда IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Жұбайы Клара Исамен үш қыз тәрбиелеп отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова