- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әңгімелер, бұйырып сөйлегендер...
"Әңгімелер, бұйырып сөйлегендер ауыр боп кетеді". "Диета KZ" тобының бұрынғы әншісі неге жеке бөлінгенін айтты
"Диета KZ" тобының бұрынғы әншісі Нұрбақыт Қарағай "Менің өмірім" бағдарламасында топтан неге кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Он жылдан бері жиналып қалған. Айтарға тұрарлықтай нәрсе емес. Он жыл бірге жүру оңай емес. ...Қазір бала-шағам бар, үлкен әкемін. Бір отбасының тұтқасымын. Саған біреу бала сияқты "сен мынадайсың, неге олай істемейсің" деп айқайлай берсе, жүре аласыз ба? Оған өзім кінәлімін. Халық таныған да, танымаған да емес. Ол кезде (топқа келгенде - еск.) 27 жастағы жігіт болғанмын. Бойдақ кезде кім не десе де көтере бересің, үйленгеннен кейін 3-4 жылдай болса да мақұл екен. Ауыр болып кетті неге екенін. Өзім жұмсақ жігітпін. Ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Әңгімелер, бұйырып сөйлегендер ауыр боп кетеді. Қатты сөйлеп жібереді арасында. Түбінде бөлінетін уақыт келді", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова