Англия Мексикадан басым түсіп, ӘЧ-2026 ширек финалына шықты

Англия Мексикадан басым түсіп, ӘЧ-2026 ширек финалына шықты
Фото: depositphotos.com

Мехикодағы "Ацтека" стадионында футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Мексика және Англия құрамалары арасында матч өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу Астана уақытымен 6 шілдеде сағат 05:00-де басталуға тиіс еді, бірақ Мехикодағы қолайсыз ауа райы мен найзағай түсу қаупіне байланысты ойын бір сағатқа шегерілді.

Ойын 2:3 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды. Алдымен Англия жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем дубль жасады. Хавбек алғашқы голды Букайо Саканың пасынан кейін (36-минут) соқты, ал екінші голда Беллингемге шабуылшы Харри Кейн (38-минут) ассист жасады. 60-минутта Кейн пенальтиден Мексика қақпасына үшінші голды салды.

Мексика құрамасы сапында шабуылшы Хулиан Киньонес (42-минут) гол соғып, көзге түсті. 69-минутта мексикалық шабуылшы Рауль Хименес пенальтиді сәтті орындады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget