Британдық Virgin Media компаниясы ерекше жобаны жүзеге асырды. Лондон маңындағы Чешем атты қалашықтың көшелерінде Wi-Fi желісі пайда болды. Ал желінің роутері жаяу жүргіншілер жүретін жолаққа қондырылған.
Бұл ғаламтор желісін Чешем қаласының тұрғындары мен қонақтары қолдана алады. Оған қосылу қаланың орталық саябағы мен басты көшелерінде жүзеге асырылады. Айта кетсек, Wi-Fi желісінің жылдамдығы – секундына 166 Мб. Дегенмен Virgin Media компаниясы бұл жетістікпен тоқтап қалмайды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, желінің ғаламторға кіру жылдамдығы жыл сайын 60%-ға артып отырмақ.
Отандық компанияның идеясы қалашықтың қарт тұрғындары мен туристеріне тиімді болары анық. Себебі зейнетке шыққан Ұлыбритания азаматтары көше бойында орналасқан дәмханаларда шай ішуге әдеттенген.
Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы Біріккен Корольдік үкіметі елдің басты қалаларында ғаламтор желісіне қосыла алатын «ақылды» қоқыс жәшіктерін орнатқан. Бұл Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында жүзеге асырылды жоба еді.