Аңдыған, терезеден сығалаған: Атырау облысында қыздың соңынан қалмаған ер адамға үкім шықты

Аңдыған, терезеден сығалаған: Атырау облысында қыздың соңынан қалмаған ер адамға үкім шықты
Фото: ЖИ

Атырау облысында қыздың соңынан қалмаған ер адамға сталкингке байланысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот үкімі

Өңір прокуратурасы мәліметінше, Құрманғазы ауданының тұрғыны С.К. құрбанын аңдыған. 2025 жылы қыркүйекте жәбірленушінің үйіне келіп, терезесінен сығалаған.  

Сот бұл әрекетті заңсыз деп танып, оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындаған.  

Заң туралы

Айта кетейік, 2025 жылы шілдеден бастап адамның еркінен тыс қарым-қатынас орнатуға тырысу қылмыс деп саналады. ҚК-нің 115-1-бабы бойынша ең ауыр жаза ретінде 50 тәулікке қамауға алу, 200 АЕК айыппұл, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары көзделген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget