- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Анджелина Джоли мен...
Анджелина Джоли мен Брэд Питт сириялық жетім баланы асырап алмақшы
Голливуд жұлдыздары, ерлі-зайыпты Анджелина Джоли мен Брэд Питт сириялық жетім баланы асырап алмақшы, - деп хабарлайды "НТВ". Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Басылымның мәліметінше, Джоли Сирияға гуманитарлық сапары кезінде аздап ағылшынша сөйлейтін ағайынды үш баланы кездестіреді. Балалардың аналарының жарылыстан қаза тапқанын, ал әкелерінің құлдықта екенін естіген актриса үшеуін де асырап алуды ұйғарады. АҚШ-қа қайта оралған ол күйеуіне өз ойын айтады. Дегенмен үш баланы бірдей асырап алуға Брэд Питт келісе қоймаған. Ерлі-зайыпты ағайындылардың біреуін асырап алу туралы ортақ шешімге келеді.
Айта кетейік, сириялық жетім баланы асырап алу ісі жарты жылға дейін созылуы мүмкін.
Джоли мен Питтің алты баласы бар. Жұлдызды жұп олардың үшеуін асырап алған: 14 жастағы Мэддокс Камбоджадан, 11 жастағы Пакс Въетнамнан, ал 10 жастағы Захара Эфиопиядан.