“Әндеріме ақы төленбеді“. Танымал әнші Баянсұлу айыптауларға жауап берді

Әнші Баянсұлу Сағындықованың хит әндерін жазған композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасаған еді. Ол өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбегенін мәлімдеді. Әнші осы айыптауларға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қоғамда қызу талқыланып жатқан жайтқа қатысты өз нұсқасын айтты.

"Адамның ақысын жеме деп жатқандарға. Продюсерден кеткеннен кейін Қуат Әбілов маған "әндер менікі, авторы мен, менен сатып аласың" деді. Әр ән 30 000 доллар деген баға қойды немесе "барлық жерден әндерді өшіремін" деді. Әрине, бұл - өте үлкен сома, менде ондай ақша болған жоқ. Сондықтан мен "өшіре беріңіз" деп айттым. Одан кейін, өздеріңіз білесіздер, әндер YouTube-тан өшіп кетті", - деді ол.

Баянсұлу Сағындықованың сөзінше, уақыт өте Қуат Әбіловпен келісімге келген.

"Барлық әнді 15 млн теңгеге сатып аламыз деп келістік. Қуат Әбілов өзі келісті, қол берді. Келісімнен кейін 2 сағаттан соң келісімшартпен қол қоюға барғанда Қуат Әбілов өз берген сөзінен тайып, әндерді сатудан бас тартты және "барлық жерден өшіремін" деді. Сосын видеоны желіге салды. Біз әндерді сатып аламыз дедік. Біз ақы жемейміз", - деді әнші.

instagram.com/bayansuuluu/

Айта кетейік, Баянсұлу Сағындықова "Ұмытсам да", "Сондайым бар енді", "Ауа райы", т.с.с. әндерді орындайды. Бұған дейін жас әнші арнамызға эксклюзив сұхбат берген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!