Әнші Бауыржан Исаев сахнадан көптен көрінбей кетуінің себебін "ХабарLike" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2000 жылы әншінің шығармашылығына ресми түрде шектеу қойылған.
"Бүгін алғаш рет айтайын деп жатырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма ресми түрде шектеу қойылған болатын. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осы бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірде облыстық әкімдерге хабарласып, менімен жұмыс істемеуді бұйрық ретінде шығарған болатын. Cол үшін мені концерттерге шақыруды қойды, одан бөлек бүкіл Қазақстандағы радиолардан, теледидардан менің әндерімді, бейнебаяндарымды алып тастаған", - деді Исаев.
Өнер иесі мұның себебін атап өтті. Сол кезде марқұм композитор Арман Дүйсенов әншіге керемет қолдау көрсеткен.
"Сол кісілердің дәуірі ұрып тұрған кез. 3-4 жылдай сахнаға шыға алмай жүрдім. Одан кейін Түркістан қаласында жүргенде марқұм Арман Дүйсенов ағамды кездестірдім. Арман аға Алматыға көшіп келгеннен соң "Бауыржан, не болса да халқың сені жақсы көреді, сыйлайды, күтеді, сағынады. Сондықтан басқа әндеріңді айтпай-ақ қойшы, "Аяулымды" ғана қалдыр, ал мен 10-15 ән өзім-ақ жазып беремін" деп қолдау көрсеткен еді.7-8 жыл бойы Арман ағамен тығыз шығармашылық байланыста болдық. Сонымен 2012 жылы "Ата-анама арнау" атты менің екінші күйтабағым шықты. Сол күйтабақтағы 17 әннің 14-інің авторы - Арман Дүйсенов", - деді Бауыржан Исаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!