"Әндерім рух берген шығар". Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионына қалай қолдау көрсеткенін айтты

"Әндерім рух берген шығар". Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионына қалай қолдау көрсеткенін айтты
Фото: kaz.zakon.kz

Төреғали Төреәлі Елдос Сметовтің жеңісінде өзінің де үлесі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бір қызығы, досым менің әндерімді тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді. Бәлкім сол әндерім рух берген шығар", - деп жазды Төреғали әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің ән айтып тұрған видеосын жариялап.  

Бұған дейін Төреғали Төреәлі Ташкентке сапарынан бас тартып, Таразға Елдос Сметовті құттықтауға арнайы барғанын айтқан болатын. 

"Олай болмаса да, досымның құрметіне кеше ән салып бердім. Халқымның ыстық лебізі мені әрдайым шабыттандырады... Стадиондағы ән кештерімді қатты сағынып қалыппын. Не істейміз, ағайын? Сағынышымызды басып, садиондарды жинап, ән кешін берейін бе?" - деді әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева