- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анда жоқ, мында...
"Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым". Ерке Есмахан Раймға неге тұрмысқа шыққанын айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан неліктен әнші Раймға тұрмысқа шыққаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Желідегі оқырманы Ерке Есмаханнан "Ажырасқаннан кейін қалай тұрмысқа шығуға болады, адам сенгісіз!" деп жазған.
Ал Ерке Есмахан болса оқырманына былай деп жауап берді: "Мен мысалы ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған муж для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, мені аялайтын, қалай бар солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме-өзім сөз бердім. Аллаға шүкір осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым".
Сонымен қатар Ерке Есмахан ажырасқан және бойдақ қыздарға күйеуге шығуға асықпау керектігін айтып, кеңес берді.
"Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Ең бастысы бақытты болу", - деп жазды ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева