- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әнді қорлағаны үшін...
"Әнді қорлағаны үшін жауапқа тарту керек". Рамазан Стамғазиев жас әншілерді сынады
Танымал әртіс Рамазан Стамғазиев Instagram-парақшасында Алматыда қала күніне орай өткен концертте Абай әнін орындаған Monro лақапатымен белгілі әншіні сынап жазба жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматының қақ ортасында қала күніне арнаған үш күндік кеште мына маңқалар Абай атамыздың "Бойы бұлғаң" әнін орындап сахнаға шығыпты…. Жаңа Қазақстанның жұлдыздары. Неткен арсыздық, осыларды қолдап, қалың елдің алдына шығарған кім? Мыналардан не ұқты екен көрген, естіген адамдар? Мәдениет басқармасы, жауапты адамдар қайда? Әнді қорлаған үшін жауапқа тарту керек қой мұндайларды…
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды,Әдеті надан адамның… деген осы да…" - деп жазған ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін 17 қыркүйекте Алматыда Gakku Dauysy концерті өткені хабарланған болатын. Желіде осының салдарынан "Астана" алаңы бүлінгені айтылған еді. Алматы әкімдігі өкілдері шығын көлемі қанша болғанын, қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова