Журналист Бану Дәулетбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы жыл сайын ауысатын бордюрлерді сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, былтырғы бордюр жап-жаңа болған.
"Былтыр мұнда үлкен бордюр болған, биыл бөлінген ақшаға былтырғы алған бордюрдан гөрі кішісі келеді екен. Қымбаттаған ғой. Анау да жап-жаңа болатын. Бірақ мынау әдемірек, бұрынғының орнына жатпай қалды. Сосын басқа жақтан шым әкеліп, салып қойдық. Ол кішкене ырбиып тұр, бірақ ештеңе етпейді. Келесі жылы бәрібір ауыстырамыз ғой", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!