25 жыл бойы сақталған той көйлегін киген қыздың видеосы Қазнетті сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоға 51 мыңнан аса адам лайк басқан, 1100-ден аса пікір жазылған. Желі қолданушысының сөзінше, көйлекті анасы 25 жыл сақтаған.
"Ең әдемі той көйлегі. 25 жыл. Анам өзінің көйлегін "қызым киеді" деп сақтаған екен", - делінген видеода.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі бұл керемет идея болғанын жарыса жазған.
"Қазіргі көйлектерден артықшылығы бұлар нағыз аңыз көйлектер ғой", "Менің анам да сақтаған, басына киетініне дейін", "Өте әдемі", "Өте керемет идея, жақсы ырым!!! Бақытты болсын!!!", "Керемет көрініс", "Керемет көйлек", "Қызы да жарайсың. Мамасының сақтаған көйлегін киген", - дейді пікір білдірушілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!