Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"Ол былтыр қарашада өз үйінде масаң күйде болып, жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін күдікке ілінген. Ол қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасы аумағында жүргені анықталып, маусымда Дананг қаласында ұсталған. Кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова