Анасына дәрі алуға барған павлодарлық айыппұл арқалады

Анасына дәрі алуға барған павлодарлық айыппұл арқалады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Анасына дәрі алуға барған павлодарлыққа айыппұл салынды. Ол жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында 31 қазанда сағат 17:45 шамасында облыс орталығында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам Қамзин көшесімен келе жатқаны анықталды. Осы жылдың ақпан айында ер адам қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.

Ол өз кінәсін толық мойындап, анасына дәрі алу үшін көлік тізгіндегенін түсіндірді.

Әкімшілік іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша қаралды.

"Сот ер адамды кінәлі деп танып, 129 220 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан