- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Анасын зорламақ болды...
Анасын зорламақ болды деп айыпталған ер адам түрмеде көз жұмды
Қырғызстанда Шу облыстық соты анасын зорламақ болды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл туралы сот үкімінде айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімде айыпталушының өліміне байланысты іс қысқартылды деп көрсетілген. Ол жалпы тәртіптегі колонияда көз жұмған.
Тергеу мәліметінше, ер адам 2022 жылғы шілдеде Васильевка ауылындағы үйінде анасының бөлмесіне кіріп, оның еркінен тыс іш киімін шешіп алған, онымен жыныстық қатынасқа түспек болған, бірақ әрекетін іске асыра алмаған. Сот оны тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.
Кейін сотталушының адвокаты үкімге шағым түсірген. Апелляциялық шағымда сотталушы өз кінәсін мойындамайтыны, айып тек анасының айғақтарына негізделгені айтылған.
Қорғаушы тараптың айтуынша, істе зорлауға оқталу дерегін растайтын дәлелдер жоқ. Адвокат Аламүді аудандық соты үкімінің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың қарауына қайтаруды сұрады.
Сотталушы түзеу колониясында көз жұмды. Нәтижесінде сот оның өліміне байланысты істі қысқартты. Сондай-ақ, іс материалдарынан жәбірленушінің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек