- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анасын тауып беремін...
"Анасын тауып беремін деп 5000 еуро сұраған". Журналист бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласына қатысты тың деректерді айтты
Танымал журналист Қымбат Досжан "Сұрауы бар" бағдарламасында бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баланың оқиғасына қатысты тағы бір тың деректі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, алаяқтар хабарласып, Жәнібектен ақша сұраған.
"Қазақстанға 30 күнге келген Жәнібекке алғашқы уақытта алаяқтар хабарласқан. Бір жігіт Жәнібектің жекесіне "5000 еуро бер, анаңды тауып беремін" деп хабарлама жазған. Жәнібек "ақшаңды төлеймін, бірақ скрин жасап, әлеуметтік желіге жариялаймын" деген екен. Сөйтсе, "жоқ, рахмет, әзілдеген едім" деп жауап жазған", - деді журналист.
Журналист Жәнібекті асырап алған шетелдік ата-анасы қазақстандықтарға қомақты қаржы төлегенін атап өтті.
"Ең бірінші Жәнібекті асырап алмай тұрып, шетелдік азаматша Бельгияда отырып, электронды поштасына оның мәліметтері, суретін көріп, ешқандай ауруы жоқ екенін анықтаған. Қазақстанға келгенде бірден "Жәнібекті аламын" деп келген. Тіпті, біздің елдің азаматтарының сұраған ақшасын ала келген. Сол ақшаны бір кісіге қолма-қол берген. Бірақ, кімге қанша бергенін еш жерде әзірге айтылмайды. Бұл әзірге ғана. Мұның бәрі уақыт өте жарияланады. Кім екенін редакторым екеуміз ғана білеміз. Ол қазір жақсы, жұмыс істеп жүр. Одан бері 20 жыл өтті. Сол уақытта тіптен жас болған", - деді ол.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша прокуротураға хат жолданғанын айтты.
"Жәнібек дүниеге келген кезде дәрігер медицина саласына еш қатысы жоқ "грузовые перевозки путевые лист 1983 жыл, СССР" деген қағазға салмағы мен атын жазып, толтырған. Ал анасы деп жазылған Жазира есімді әйелдің жеке басын растайтын құжат табылмады. Баланы дүниеге әкелгеніне 4 күн болғанда анасына қолхат жазғызып алып, перзентханадан шығарып жібереді. Артынан ешқандай іздеу салмаған. Бұл - салғырттық. Бірақ, Арқалық қаласындағы перзентхананың сол кездегі бас дәрігері қазір зейнеткерлікке шыққанымен, сонда жұмыс істеп жүр", - деді Қымбат Досжан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы