Аяусыз ұрып, белдікпен буындырып өлтірген. Павлодарда 7 жастағы қызына қастық қылған ана мен оның көңілдесіне қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Бүгінгі отырыста былтыр қараша айында жоғалып, кейін мүрдесі табылған Милана Давыдованың өлімі туралы сұмдық жайттар белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қаршадай қызды өлтірген қос айыпталушы ұзақ уақыттан бері бөтелкелес, әрі көңілдес болған.
Тергеу мәліметінше, былтыр 17 қарашасында балалары мектепте, ал күйеуі жайылымда болғанын пайдаланған әйел көңілдесімен үйде арақ ішіп, кейін жыныстық қатынасқа түскен. Осы сәтті сабақтан ерте келген Милана көріп қойыпты. Тіпті анасының бөтен еркекпен жақындасқанын "әкесіне айтамын" деген. Осы кезде әйел қызын есінен танғанша аяусыз ұрған. Ал көңілдесі белдікпен буындырып азаптап өлтірген. Кейін қыздың денесін ауыл ішіне жерлеп, ауыр қылмысты жасырмақ болған. Енді осы қылмысы үшін қос айыпталушы жауап беріп жатыр. Басты сот 8 сәуірге белгіленді.
Еске салайық, жеті жастағы Милана Давыдова 2023 жылғы қарашада Павлодар облысы Бесқау ауылы аумағында жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге 500-ден астам адам жұмылдырылды, бірақ екі күннен кейін Милананың анасы ауыр қылмыс жасағанын мойындап, мәйітті қайда жасырғанын өзі көрсетіп берген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!