- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анасымен таныстырған". Ерке...
"Анасымен таныстырған". Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі алғаш рет сұхбат берді
Ninety one тобының бұрынғы мүшесі, A.Z лақапатымен танымал рэпер Азамат Зенкаев Ерке Есмаханмен қалай танысқанын, қандай қарым-қатынаста болғанын айтты. Сондай-ақ, рэпер Ерке мен Райм жұбын қалай қабылдағанын да ашық әңгімеледі. Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында TALK LIKE бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарламада Аман Тасыған "Маска" шоуындағы жайтты еске салды.
"Осы жобаға келіп, өнер көрсеткен себебім қабырғама келіп, бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп", - деген еді A.Z сол кезде.
"Оның бәрі шоу ғой, өтірік", - деп ағынан ақтарылды ол бағдарлама барысында.
A.Z әнші Ерке Есмаханмен қалай танысқанын әңгімеледі.
"Ол менің өлең жазып бергенімді қалады. Сол мәселемен кездестік. Өзі сондай қыз ғой, әзілдейтін. Әңгімеміз жарасып кетті. Ауымыз жабылмай, сөйтіп, баурап алды ғой", - дейді ол.
Сонымен қатар, ол Ерке Есмаханға ғашық болғанын, жақсы қарым-қатынаста болғанын жасырмады.
"Соңғы рет кездеспедік. Екі жаққа кеттік. Айырыламыз деп кеткен жоқпыз. Жай ғана кеттік те айырылысып кеттік. Сол кезде иә, ғашық болдым, жүрдім", - деді.
Бағдарламада A.Z Еркені анасымен таныстырғаны, анасы оны жақсы қабылдағаны да айтылды.
"Иә болды (махаббат баянды болады деген үміт - еск.). Сол кезде болды. Ол мені тастап кетті дей салайықшы", - деді әнші.
Өнер иесі Ерке мен Раймның қарым-қатынасын қалай қабылдағанын да айтты.
"Ерке менен айырылып қалды (күліп). Жоқ, мен ешкімнен айырылмадым. Өмір солай ғой. Бақытты болсын, күшті болсын деп қабылдадым. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өзінің өмірін сүреді, әр адам өзі біледі. Бақытты болса болды. Бір-бірін тауып, жақсы болып жатса, қуанамын. Неге біреудің қуанышы үшін қуанбасқа? Өмір бақи болғанын қалаймын (екеуі бірге - еск.)", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова