“Анасымен жасты әйелді алмақшы“. Ляззат Байырбекова ұлы жайлы қауесеттерге жауап берді

Танымал әнші Жазира Байырбекованың әпкесі Ляззат Байырбекова Анна Данченкоға берген сұхбатында блогер ұлы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ляззат Байырбекованың ұлы Тәуіржан - халыққа Good Zhan лақап атымен таныс. Ол танымал танысу бағдарламасына барғаннан кейін халық арасында түрлі қауесеттер тарады. 

Ляззат Байырбекова ұлының мұндай бағдарламаға баруына қатысты көзқарасын айтты.

"Ол жобаға барғанда мен Қытайда жүрдім. Қытай ауруханаларына барып келгенмін. Бір күні жұмыста отырсам, әлеуметтік желіде "баласы танысу бағдарламасында жүр ғой", "анасымен жасты әйелді алмақшы" деген секілді хаттар келді. Жұмыстан үйге келгеннен кейін "сен танысу бағдарламасына барғансың ба" деп сұрадым. "Иә" деді. Содан соң не үшін барғанын сұрадым. Ол оқырмандарының көпшілігі орыс тілді екенін, ал бұл бағдарламаға барса, қазақ аудиториясын жинауы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ол "қызым жоқ, мүмкін, үйленетін қыз тауып қаламын" деді. Содан соң кімге барғанын көргім келді. Ол бір баласы бар келіншек екен. Әдемі келіншек. Таңдауы күшті. Егер шын жақсы көріп қалса, үйленсе, үйленсін дедім. Бұл сөзіме көпшілік таңғалады", - дейді ол.

Ляззат Байырбекова "келіні қандай болу керек" деген сұраққа жауап берді.

"Адал, иманды және ішкі жан дүниесінің сұлулығы сыртына сай болса екен. Қазір көпшілік қыз сыртын сұлу етіп жасап алады да, тазалық жоқ, тамақ пісіре алмайды, ыдыс жуа алмайды. Сондықтан жан-жағын, отырған жерін таза ұстайтын қыз болса екен деймін", - деді әнші.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!