Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікке ілінген адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған. Күдікті кім екені анықталған. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
Күдіктіге іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!