Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған

Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Фото: polisia.kz

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған смартфонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған. Тексеру барысында смартфон, сим-карта және зарядтағыш құрал тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан