- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анасы бар жандарға...
"Анасы бар жандарға барын бағалауға себепші болсын". Құрманай Бақтиярқызы анасына арнап жантебірентер жазба жариялады
Танымал әнші, ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында анасына арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл жазбаны анасы бар жандарға оны бағалауға себеп болсын деген ниетпен жазған.
"Таңдағы анама арнаған тілегім. Анасы бар жандарға барын бағалауға себепші болар құнды сөзім болсын!!!
Я,Раббым..Перзенттерін құшақтаған анамның құшағын гүлге орағайсың,..
Нұрланған жүзінен айналасы нәр алатындай күнге орағайсың..
Таң намазына тұратын күш пен иман беріп,күнде қолдағайсың.
Көзбен сөзден,кездейсоқ сүрінуден,көңілі бүлінуден өзің қорғағайсың…Я. Жалғыз Жаратушым Раббым!!! Анама мағыналы,салихалы ұрпағынан рахат көретін өмір, ұрпақпен марқаятын көңіл бергейсің..Жалғыз өзіңнің разылығың үшін жасаған амалдарын көргейсің..Әмин..
Я.., Раббым ғаламды жаратушым!!! Әкеммен бірге елу жыл ұстасқан қолдарын айырмағайсың, сынақ берсең де қайғымен қабырғасын қайырмағайсың…Әмин
Он екі мүшесін сау, абыройын ала тау еткізгейсің.. Жадыратып өз аяғымен жүзге жеткізгейсің. Немереден шөбере, шөпшек көрсетіп, рахымыңды төккізгейсің…Әмин
Көз жанарын тұнық бұлақтай, шам шырақтай еткізгейсің…Я..Раббым… Анашымның тіліне тәттілік, әр күніне сәттілікті серік етіп бергейсің.. Ағайын алдындағы мәртебесін биік еткейсің.. Достарының алдындағы ақылдылығын арттырғайсың.. Өмірге келер менің немере қыздарымды Менің анама тарттырғайсың!!! Әмин", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда TikTok бұғаттала ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә