Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Баланың анасы әлі де іздестіріліп жатыр. Бұл туралы "Бармысың, бауырым?" бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да айтты.
"Көптің сауалына бір жауап: Жәнібектің (Мұраттың) анасы әлі табылған жоқ. Тест нәтижесін күтіп отырмыз", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Анамды табу үшін бәрін жасаймын" - шетелдіктер асырап алған қазақтың баласы
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!