Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәнібектің айтуынша, биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болған, бірақ оны мазалайтын жалғыз сұрақ: "Анашым, қайдасың?"
"Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым - өздеріңіз, бұл сөзсіз!", - деп жазды ол.
Ол сонымен бірге әке-шешесіндей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіне жылу сыйлайтынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін де Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарып, кейінгі уақытта өмірінің қиындап кеткенін айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!