"Әулие Валентин", ел арасында "Махаббат күні" деп аталып кеткен бұл мерекені көптеген адам ерекше тойлауға құмар. Ал ерлер қауымын сұлулығымен баурап жүрген актриса, әнші Анара Батырхан дәл осы күнді қалай тойлайды? Әнші Massaget.kz тілшісіне сұхбат берді.
Анара Батырханның сөзінше, ол 14 ақпан - "Махаббат күнін" тойлайды. Ол тіпті жыл сайын бағалы сыйлықтар алатынын да жасырып қалмады.
"Дәл осы күні көп сыйлық келеді деп айта алмаймын. Бірақ өзімнің ең қымбат сыйлықтарды жанкүйерлерімнен және маған көңіл білдіріп жүрген ер адамдардан алған болатынмын. Атап айтайын, бірақ бағасы құпия қала берсін. Өздеріңіз есептеп аларсыздар. Ең бағалы сыйлық ол "бриллиант" әшекей және iphone 12 Pro max телефонын алдым", - дейді Анара.
Әнші қандай сыйлық алса да ол шын ниетімен берілген сыйлық болғаны дұрыс екенін атап өтті.
"Өзің жақсы көретін сыйлық болса кішкентай болса да сүйікті адамыңнан алсаң, оның бағасына қарамайтын сияқтысың. Егер менің жігітім болса, бұл күні не сыйлар едім? Енді әзірге менің жүріп жүрген жігітім жоқ. Десе де болашақта жігітімнің талғамына қарап, не ұнатады соған қарай сыйлық алуға болатын сияқты. Менің ойымша, оның бағасына қараудың қажеті жоқ. Ең бастысы, сол адамның талғамына келетін затты сыйласаң, нұр үстіне нұр болатын сияқты", - дейді Анара Батырхан.
Ал қазірдің өзінде көптеген жанкүйері хабарласып, тіпті сыйлық ұсынып та үлгеріпті-мыс. Бірақ өнер иесі өзі танымайтын жандардан бағалы сыйлықтар алуға қарсы екенін жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!