- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анаңды өлтірген мен...
"Анаңды өлтірген мен емес". Әйелдің басын кесіп базарға тастаған күдікті сотта мәлімдеме жасады
Алматыда әйелдің басын кесіп базарға тастады деген күдікке ілінген Асхат Иманқосов бүгін сотта мәлімдеме жасады. Атышулы іске қатысты процесс жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бүгін марқұм әйелдің жалғыз қызы сотта жауап берді. Ол бұл істе жәбірленуші ретінде танылған. Оның айтуынша, күдіктіні бұрын-соңды анасының жанынан көрмеген.
"Үйсіз жүрген жандарға арналған бейімдеу орталығында тұрды. Тығыз қарым-қатынаста болдық деп айта алмаймын. Бөлек тұратынбыз. Арасында балаларымды қарайтын. Асханалардың бірінде ыдыс жуатынын айтатын. Соңғы рет қаза боларының алдында екі апта бұрын көрістік. Сол қаралы күні бізді полиция бөліміне шақырды. Анамды өлтіріп кеткенін сол кезде ғана білдім. Күдіктіні осыған дейін көрмегенмін. Танымаймын", - деді марқұмның қызы.
Бұл жолы да күдікті сот залында жүзін көрсетпеуге тырысты. Ол бет-жүзін қағазбен жауып әлек болды.
Тағылған айыпқа сүйенсек, тұрақты үйі мен табысы жоқ Иманқосов бірге тұрған әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген. Одан соң Алматыда жүрген қанішерден қорғаймын деп, бірге тұрған әйелге айтып, үйден қуып жібермеудің осылайша амалын жасаған.
Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс биыл 12 сәуірде болды. Әлеуметтік желіде Алматыда ер адам әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Артынша полиция бұл ақпаратты растады.
Кейіннен марқұм әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін әйелдің басы жақын маңдағы сауда нүктелерінің бірінен табылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек