Актриса Дариға Бадықова үнді сариін киіп, жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жаңа образын Instagram-парақшасында жариялады. Дариға Бадықова үстіне қызыл сари киіп, нағыз үнді әйелдеріне ұқсап қалды. Қазір актриса жуырда шығатын "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмінің түсірілімінде жүр.
"Сари кию оңай емес екен", - деді актриса Stories-інде.
Желі қолданушылары актрисаның жаңа образы жарасып тұрғанын айтты.
"Өзіңізге күшті жарасады екен", "Солардан айнымай қалдыңыз. Қызғанып кеттім сізді, біздің сүйікті Айсара", "Сізге құйып қойғандай, үнді актрисасы ма деп қалдым", "Үнді қыздарына келеді екенсіз", "Анандиға ұқсап қалдыңыз", - деп жазған желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!