Танымал үнді "Келін" сериалының басты актрисасы Авика Гор Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Үндістанда" фильміне түсіп, түсірілімдегі қызық сәттерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны ол Instagram-парақшасында жариялады.
"BTS (түсірілім алаңы - еск.) #kazakhbusinessinindia", - деп жазды актриса жазбасында.
Желі қолданушылары қыздың сұлулығына тәнті болып, пікір қалдырған.
"Осы Анандидің киносын көру үшін жұмыстан жүгіріп келетінмін, келе салып, пульті басқанда "Келін" деп басталып жататын", "Қазақстаннан сәлем. Сондай әдемісіз", "Сұлусыз, ісіңізге сәттілік", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Айта кетейік, Авика Гор - үнді актрисасы. Ол 2008 жылы атышулы "Келін" сериалына түсіп, Ананди кейіпкерін сомдады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!