"Славян базары" байқауының жеңімпазы, әнші Ержан Максим тойға ән айтып шықпайтынын айтты. Ол алғаш 5 жасында өлең айтып, алғашқы табысын несие жабуға жұмсағанын жеткізді. Бұл туралы өнерпаз "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ержан Максим әртүрлі жанрда ән шырқап, түрлі байқауларда жеңімпаз атанғанын айтты. Тіпті сол табысына әкесіне көлік, анасының несиесін жауып бергенін жеткізді.
"5 жасымда әкемнің ағасы үй салып жатты. Мен көмектесіп, балшық илеп жүрдім. Көршінің үйінде құдалық болып жатқан. Сосын әкемнен телефонын сұрап алып, барып бір өлең айттым. 13 мың теңге берді сол жердегі қонақтар. Ақшаны алып, үйге қуанып келіп әкеме бердім. Бес жүз теңгесіне балмұздақ алып қуанып тұрдық. Сосын сол құдалықтағы музыкант ағай келіп тағы да келіп ән айт деді. Үстім балшық, киімім жыртық солай алғаш тойда өнер көрсеттім. Бірақ қазір тойларда ән айтпаймын" , - дейді әнші.
Өнерпаз байқаудағы алғашқы табысына анасының несиесін жапқанын айтты.
"Ең алғашқы байқаудан тапқан табысыма, анамның несиесін жауып бердім. Әкемнің "Lada" маркалы автокөлігі болатын сол көлікті әпкеме сыйлап, ал әкеме су жаңа "Mercedes" көлігін сыйладым. Содан сол көлікпен Польшаға дейін рөлде отырып барды. Мен сол жақта өнер көрсетуіме байланысты әкем мен алып берген көлікпен барды , - дейді Ержан Максим.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!