Қара бетперде таққан жігіт екі баласы бар, жалғызбасты әйелге үйдің кілтін тарту етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қара бетперде таққан жігіт екі балдақпен және екі баласымен бірге келе жатқан әйелді жолықтырып, "Біз сізге келіп тұр едік" дейді.
Әрі қарай оның үлкен баласы отбасының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын баяндап береді.
"Менің атым Азамат, мен 11 жастамын. Анам екі балдақпен жүреді, ал бауырым болса, сөйлей алмайды. Біз анамыз үшеуіміз осы үйді жалға алып тұрып жатырмыз. Анам тамақты шкафқа тіреліп пісіреді. Бұл анам үшін өте қиын. Көмір, отын, су бәрін алып келемін үйге. Анам аяғынан тұрып кетсе екен. Басқа ештеңе керек емес. Қанша жыласа, мен бірге жылаймын. Уәде беремін, бірге боламын", - дейді бала.
Осы кезде қара бетперде таққан жігіт бұл отбасыға үйдің кілтін тарту етеді.
Анасы мен баласы қосылып жылады. Бұл қуаныштың көз жасы еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!