Тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желіде тосыннан жайсыз хабар естіп, көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, анасының жақын құрбысы өмірден өткен.
"Жаңа ағам жазып жіберіпті. Анамның жас кезінен келе жатқан құрбысы Раббысына қайтыпты. Жүрегіме жақын қабылдап отырған себебім, бала күнімізде ата-анамыздың достарын көріп өстім. Үлкендердің қатары сиреп бара жатыр. Өмір заңдылығы ғой. Соның бәрі қиын. Бірақ адам болғасын қимайсың. Ешкім мәңгілік емес екенін түсінесің. Бұл ақпаратты анама айтпаймын деп шештім. Себебі ауырып тұрған адам жүрегіне қатты қабылдайды деп ойлаймын. Маманың денсаулығын, жағдайын сақтап қалу мақсатында осындай бір шешімге келдім. Жүрегім ауырып отыр, адамның өмірі бір-ақ сәт. Бір күні біз де кетеміз ғой", деп жазды тележүргізуші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!