Актер "Өнер Қырандары" театрының директоры Мадияр Серікбай мен жары Дана Тұрарбек алғаш шаңырақ көтергенде қатты қиыншылық көргенін жеткізді. Бұл туралы өнер иелері Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өнер қырандары" театрының өнерпаздары, жұлдызды жұп Мадияр Серікбай мен Дана Тұрарбек өмірінің қиын кезеңдерін айтты. Бір бөлмеде тұратынбыз деген олардың тіпті бесік алуға қаражаты жетпегенін жеткізді.
"Үйде анам бар алғаш кішкентай қызымыз туылғанда тазик алып алғанбыз бесік, манеж ондай ештеңе жоқ. Баланы шомылдыру керек соған тазик сатып алып, соған шомылдырып болған соң келсем анам тазикті тербетіп отыр, ішіне қызымды жатқызып қойған. Баланы шомылдырып болған соң, тазиктің ішін сүртіп, баланы бөлеп ұйықтатынбыз тербетіп",- дейді ол.
Олар оқу ордасында жүргенде шаңырақ көтерген.
"Анамды ауылдан әкеліп қойғанбыз. Біз өзіміз студентпіз. Анам сол баламызды қарап отырады үйде. Сабақта отырғанда анам "бала жылап жатыр" деп хабарласса, біз бірден үйге барып баланың, анамның тамағын беріп қайтадан академияға кететінбіз. Солай бір ғана бөлмелі жатақханада тұрдық", - дейді Мадияр Серікбай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!