Әнші Наркенже Серікбаева "Уақыт TV" youtube-арнасына берген сұхбатында өнердегі достары және Төреғали Төреәліге айтқан өтініші туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Төреғали Төреәліге айтқан өтініші орындалмаған.
"Ән айтқанда үлкен тақырып қозғағым келеді. Төреғали ініме "ақынсың ғой, ұлдардың сырға тағып кеткенін, қыздардың шалбар киіп кеткенін, шош бояғанын жазшы" деп өтініш айтқанмын. Сондай мәселелерді айта келе соңында жастардың рухын көтеретіндей әнмен аяқтағым келген. Ол да "иа, мына тақырып күшті идея екен" деп айтты. Бірақ әлі орындамады", - деді әнші.
Әнші өнерде ешкіммен дос ретінде араласпайтынын айтты.
"Өнерде досым жоқ. Ешкіммен жақсы емеспін. Оны ашық айтқанның айыбы жоқ шығар. Ашық айтқанды жақсы көремін. Ұнайтын жерінде ұнайтынын, ұнамайтын жерде ұнамайтынын айтамын. Анам "маған да сенбе" деп айтатын. Бәрімен жақсы араласамын, бірақ дос болмаймын. Менде әпке, аға бар, бірақ дос жоқ. Дос деген ұғымды жалпы мен түсіне алмаймын. Бір ай болса да үлкен болса "аға", кіші болса "іні", үлкен болса "әпке" деп солай араласу керек", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!