- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анам қайтыс болды"....
"Анам қайтыс болды". Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің өмірі туралы тың дерек шықты
Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Жұмағұловтың өміріне қатысты жаңа ақпарат айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желіде қаралы хабарды жеткізді. Журналистің сөзінше, Жәнібекті асырап алған әйел эвтаназия тәсілімен көз жұмған.
Әйел нәбәрі 54 жаста болған.
"20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. Жәнібек, берік бол", - деп жазды Қымбат Досжан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл ақпаратты Жәнібектің өзі де растап, мән-жайды түсіндірді.
"Мені асырап алған анам қайтыс болды. Көңіл күйім дұрысталған уақытта соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын кеңейтілген бейнеролик түсіремін. Ал әзірге... Мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі жанатын жұлдыздай мәңгі өмірі басталады деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен мен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін..." - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Жәнібекке көңіл айтты:
Бір жетімді жалғыз өзі, ауырғанына қарамай асырап алған. Мен үшін Жәнібекті баққан анасы - өте керемет жан;
Жәнібекті асырап алған анасына рақмет, Жәнібекті нағыз азамат етіп өсірген, бастысы Жәнібек өзін жоғалтып алған жоқ, тұлға болып қалыптасқан;
Алла Тағала рахымына алғай! Қазақ баламызға қаражатын салып, қазақ жеріне бала үшін келіп, асырап-бағып, ержеткізді, жасырмады, қалай алғанын айтып өтті. Үлкен жауапкершілікті көтерді. Алла Тағала разы болғай! Хош!
Иманды болсын! Жаны жәннатта болсын!
Еске салайық, бұған дейін Жәнібек асырап алған анасының денсаулығы нашарлағанын айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова