- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анам жастайынан жесір...
"Анам жастайынан жесір қалды". Өктем Алтаев алғаш рет отбасы туралы айтты
Танымал әнші, сазгер Өктем Алтаев "Менің өмірім" Youtube-арнасына берген сұхбатында алғаш рет ата-анасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сазгер әке тәрбиесін көре алмағанын жеткізді.
"Үйде 4 ағайындымыз, негізі 5 болғанбыз, бірақ менен үлкен ағам кішкентай кезінде шетінеп кеткен. Әкем ерте 34 жасында қайтыс болған, анам 31 жасында жесір қалды. Сондықтан әке тәрбиесін көріп өспедім, тек ана тәрбиесін көрдік, алайда әкем бізге осы күнге дейін бағыт-бағдар беретін сөздер айтып кеткен", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Октябрь айына қатысы жоқ". Өктем Алтаев есімінің құпиясын айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандағы тромбоцит неге көтеріледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә