- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Анам арақ көп...
"Анам арақ көп ішеді. Сол үшін анамнан ұяламын..."
"Анам арақ көп ішеді. Сол үшін анамнан ұяламын... Не істеймін" Белгілі дінтанушы Нұрлан имамға дәл осындай сұрақ келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Анам арақ көп ішеді. 30 жыл болды. Ештеңеден ұялмайды. Не істеймін? Айтыңызшы, өтініш. Қайын жұрттан, бәрінен ұят", - дейді имамның оқырманын.
Нұрлан имам ол қалай болғанда да анасы екенін айтты.
"Не істейсіз? Сіздің абыройыңыз анаңыз ішкеннен түсіп қалады деп ойлайсыз ба не? Адамның абыройын әке-шеше көтермейді. "Әке-шешемнің абыройымен жүрмін" дегендердің өзінің басында абырой тұрмақ бәле де жоқ. Сондықтан Аллаға шүкір, анаңыз бар. Арақ іше ме, жүре ме, басқасы ма, ол - анаңыз. Еңсеңізді төмен түсірмеңіз. Еңсеңізді жоғары көтеріңіз. Сондай алқаштан сіздей асыл қыз туған.
Кейбір асыл келіндердің аналары алқаш болса да балалары жақсы. Ал сондай жақсылардың балалары алқаш. Құдайға мың шүкір, Алла сондай кісіден иманды, салиқалы қызды дүниеге әкелді. Сондықтан уақыт көрсетеді. Оған еш еңсеңізді түсірмеңіз. Тік жүріңіз", - дейді Нұрлан имам.
@aqdauletqyzy7 #ВэтотДень ♬ оригинальный звук - Цветочек ?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина