- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Анам 75 жасында...
“Анам 75 жасында әже атанды“. Баян Мақсатқызы анасының жаңа статусы туралы айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының анасы алғаш рет 39 жасында әже атанса, қазір 75 жасында тағы екі немересін бағып отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Анам алғаш рет әже атанғанда 39 жаста еді. Ал қазір ол бұл статусқа қайта ие болды, жасы болса 75-те. Өмір неткен керемет!", – деп жазды ол анасының сәбимен түскен суретін жариялап.
Еске салайық, биыл Баян Мақсатқызы екі рет ана атанып, отбасы Алиса және Алма есімді қыздармен толыққан еді. Ана атанған продюсер өзін 20 жастағыдай сезінетінін айтты.
"Көптен бері екі түн қатарынан ұйықтамаған едім. Әрине, біртүрлі сезімдер болып жатыр. Жасым қайта 20-да сияқты. Бәрі енді басталып жатқандай", – деп жазған еді Баян Мақсатқызы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева