- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Анам 33 жасында...
“Анам 33 жасында жесір қалды“. Елдос Колобок анасы жайлы сөз қозғады
Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірханов Taboo бағдарламасына берген сұхбатында анасы жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әзілкеш анасы 33 жаста жесір қалғанын айтты.
"Анамды қатты жақсы көремін. Барлық адам анасын жақсы көреді ғой, бірақ мен ол кісіні ерекше құрметтеймін. Анам 33 жасында екі баласымен жесір қалды. Мысалы, қазір менің құрдастарым 35 және 37 жаста. Бірнеше рет үйленіп жатқаны да бар. Анам әкем қайтыс болғаннан кейін бірден намаз оқып кетті. Әкем өмірден өтетінін сезген секілді. Себебі оның "аналарыңа қараңдар, жылатпаңдар, ал сен балаларға қара, оқыт" деген сөзі әлі есімде. Сол кеткеннен келмеді", – дейді ол.
Елдос Колобок анасының батылдығын ерекше атап өтті.
"Анам – өте батыл адам. Әкемнің басын жууға өзі кірді. Кішкентай кезімде анаммен келе жатқанда көшеде ұрлықшы сөмкесін әмиянымен бірге алып қашты. Біз кішкентаймыз ғой, тек жылап тұрдық, басқа ештеңе істей алмаймыз. Анам сөмкесін бере салды. Екеумізді құшақтап жылады. Сол кезде ойлайтынбыз, тезірек өссек екен, анамызды қорғайтын дәрежеге жетсек екен деп. Қазір сол дәрежеге жеттік", – дейді әзілкеш.
Еске салайық, бұған дейін Елдос Кәдірханов әкесінің кісі қолынан қаза тапқанын айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова