- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аналық сезімнің жоғалуына...
"Аналық сезімнің жоғалуына әкелуі мүмкін". Әйелдер үшін ең қауіпті сусын аталды
Хирург Александр Умнов арақ әйел ағзасына үлкен қауіп төндіретінін айтты. Дәрігер бұл сусынды көп ішу либидоның төмендеуіне, түсік тастауға және аналық сезімнің жоғалуына әкелуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NEWS.ru-ге сілтеме жасап.
"Жүйелі түрде арақ ішу, тіпті аз мөлшерде болса да, қандағы эстрадиол концентрациясының төмендеуіне және тестостеронның жоғарылауына ықпал етеді, ал ол өз кезегінде етеккір циклінің бұзылуына, либидоның төмендеуіне және уақыт өте келе аналық сезімнің жойылуына әкеледі. Аналық жасушалар этил спиртінің әсеріне өте сезімтал, оларда болатын өзгерістердің нәтижесінде ақаулары бар балалар туылады немесе түсік болады", - деп түсіндірді Умнов.
Хирург әйелдің ағзасы еркектерге қарағанда алкогольден қатты зардап шегетінін ескертті, өйткені әйел ағзасында этанолды өңдеуге қабілетті ферменттер аз. Дәрігер ішетін әйелдерде етеккір кідірісі орта есеппен 10-15 жыл бұрын басталатынын айтты. Сондай-ақ арақ дауыс тембрін өзгертеді, ерте қартаюға және тері жағдайының нашарлауына әкеледі.
Адам қанша литр арақ ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова