Атырау облысында жол апатынан екі бала көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 26 наурызда Доссор кентінде Toyota Estima және Opel көліктері жол апатына ұшыраған.
"Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатының барлық мән-жайын анықтауға арналған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деді полиция.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға салдарынан үш және бес жастағы екі бала қаза тапқан, ал олардың анасы ауыр жағдайда.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!