Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримованың 4 баласымен Бурабайда қыдырып жүріп жариялаған фотосы бауырмалдықтың символына айналып үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Анадан төртеу, жалғыздық көрер жерің жоқ!"- деген жазба қалдырған Жұлдыз Абдукаримованың суреті желідегі жұртты сүйсіндіріп, "Бауырлар" деген атпен тарап кетті.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримованың екі ұлы мен екі қызы құшақтасып тұрған фотодан бауырмалдықтың лебі сезілетінін айтып жатқандар да көп.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!