- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ана көңілім жараланды"....
"Ана көңілім жараланды". Танымал продюсер су тасқынынан зардап шеккен өңірге баратынын айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен өңірге баратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 15-нен бастап жолға шықпақ.
"Батыстағы, шығыстағы, солтүстіктегі, орталықтағы, жайсаң жұртым! Дәл қазіргідей уақытта алаң көңіл халыққа ақыл айтып, ақылгөй болғым келмейді. Тек ана көңілім жараланып қалғанын мойындаймын. "Әкемнен қалған көз еді", "анамның иісі шығып тұратын шаңырақ еді" деп езілген жандарды, шошынып қалған балаларды, қарияларды көріп қалай езілмейін? Тағдыры күреске толы қазақ халқы қашан қамсыз өмір сүреді екенбіз? Бәріңіз бөтен емессіздер. Ұлым сахнаға жаңадан шыға бастағанда қолдап, қиялына қанат бітірдіңіздер. Соның бәрін ұға тұра, сезе тұра біз қалай қамсыз отырайық? Әрине өнер адамдары жұрт деп жұмылудамыз. Барлық жағдай түзелгенше, бірнеше рет қаржы жинаймыз. "Ауызбіршілігімізді жоғалтпайық" деп отырмыз. Бәріміз қарғын су құрсауындағы ағайынға көңілімізбен де, көмегімізбен де демеу болуды ойлап отырмыз. Сіздермен "жүздесеміз, көзбе-көз ақылдасамыз" деп 15-нен бастап жолға шығуға билет те алып қойдық. Біраз әріптесіміз апат болған жерде, халықтың ортасында жүріп, бізді хабардар етіп отыр. Біздің өнер адамдары ел басына күн туған қай уақытта да жай отырған емес. Қолынан келгенін істеп, болысып жүреді. Бұл жолы да солай жүйелі жоспар құрдық. Жер-жердегі өнерпаздар бізді қолдап жатыр. Халық қамы үшін көтерілген қазандыққа бұйырған жәрдемімізді саламыз. Жаратушы еліме, жеріме жар болсын", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы