Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ол бұл қызметке 2022 жылы 12 ақпанда тағайындалған.
Бұған дейін Ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сенат депутатының көмекшісі болған. Сенат аппаратында түрлі қызмет атқарған.
2021-2022 жылдары Президент кеңсесі бастығының орынбасары болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова