Әмір Закиров брейкингтен Дубайда өткен чемпионатта жеңіске жетті

Әмір Закиров брейкингтен Дубайда өткен чемпионатта жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

B-boy Amir ересектер арасындағы жарыста финалға дейін жетті.

Шешуші бәсекеде Әмір Закиров АҚШ өкілі Мигель Росарионы (b-boy Gravity) жеңді. Ал қола жүлде Ресей спортшысы Руслан Файзрахмановқа (b-boy Ruslan Footrockets) бұйырды.

Айта кетейік, 2024 жылы Әмір Закиров Францияның Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазақстандық спортшы 1/4 финалға дейін жетіп, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget